Алматыны қалыпқа келтіруге қанша ақша керек: Әкімдік айтты
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қаладағы 10 нысанды қалыпқа келтіруге 28,6 миллиард теңге қаржы керек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхтар Әзірбаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазҚСҒЗИ "Қазақстан" арнасы, Бас прокуратура, Алматы полиция департаменті мен аудандық полиция басқарма ғимараттарында техникалық тексеруді аяқтады. Қала әкімдігі ғимараты бойынша зерттеу нәтижесі 28 қаңтар күні күтіледі", – деді Әзірбаев.
Айтуынша, әкімдікті қалыпқа келтіруге шамамен 5 ай уақыт керек. Қазір 7 нысанда, оның ішінде бас прокуратура мен полиция департаментінің тоғыз ғимаратында жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Аталған жөндеу жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, бизнес есебінен мемлекеттік органдардың 28 нысанында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мекемелерінің үш объектісінде жөндеу аяқталды, үш аудандық полиция басқармасында 28 қаңтарға дейін аяқталады деп күтілуде. Зақым келген 20 модульдік посттың бесеуі тұтастай өртеніп кеткен. Олардың орнына жаңасы орнатылып, қалған 15-ін қалыпқа келтіруде.
Айта кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 11 тұрғын үйге зақым келді. Оларды қалыпқа келтіру жұмыстары осы аптада басталады деп күтілуде.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды