"Алматыға бомба тастау керек деген де сол Соловьев еді": Сенатор ресейлік бағдарламада айтылған сөздерге жауап берді
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхамед ресейлік телеарнадағы Қазақстанға қатысты айтылған даулы сөзге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грата алған адам болатын және қазір барлық түрдегі санкциялық қара тізімде бар. Сондықтан ыза-кектің салдарынан ол бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр", – деді Құл-Мұхаммед сенат кулуарында.
Сенатор Соловьевтің өзінің телебағдарламасында өзінің жеке шығатынын және бағдараламаға арандатушылық мәлімдеме жасайтын қонақтардың шақыратынын атап өтті. "Мұның бәрі тікелей эфирде және есуастық болады", – дейді ол.
Саясаттанушы Дробницкийдің Украинадан "кейінгі мәселеміз Қазақстан болуы мүмкін" деген сөзіне түсініктеме берген Мұхтар Құл-Мұхамед мұны еліміз үшін тікелей қауіп деп санайтынын жеткізген.
- "Келесі мәселеміз – Қазақстан": Сыртқы істер министрлігі Ресей арнасында айтылған мәлімдемеге жауап берді
- "Ұлтшылдықты өршіту мақсатында істеп отыр": Ресей сыртқы істер министрі Қазақстанда орыс тілділерге кемсітушілік жасалатынын айтты
Ол Соловьев бұрын "Россия 1" телеарнасында Алматыға бомба "тастап жіберуді" ұсынғанын еске салды, одан бағдарламаның мейманы - Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленіп қалған болатын.
"Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бірге тұрған бізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, дүдәмал сарапшысы-фантаст Дробницкийдің, ол - Жуков қой, пікіріне назар аудармас едік. Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен оған ұқсас саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді", - деді Мұхтар Құл-Мұхамед.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Вечер с Владимиром Соловьевым" атты Ресейдің мемлекеттік арнасында шыққан хабардан үзінді жарияланып, онда қатысушылар Қазақстанда да Украинадағыдай "нацистік" процестер басталуы мүмкін деп, "Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан" деп мәлімдеген.