Сағынтаев Алматыны жабу туралы сөз қозғады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блок-бекеттер қойып, қаланы карантинге қаланы жабу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әкім қаланы жабу әзірге жоспарда жоқ екенін айтты. Егер жағдай нашарлай түссе, бұл мәселе қаралатын болады.
"Денсаулық сақтау жүйесі әзірге барлық қиындыққа қарсы тұрып жатыр. Бүгінде біз қаланы толықтай жабу туралы мәселе көтеріп отырған жоқпыз. Егер жағдай нашарлап, қала жабылатын болса хабарлаймыз. Денсаулық сақтау жүйесі жағдайға қарсы тұра алмаса және вирус жұқтырғандар қатары көбейсе, жағдай басқаруға келмей бара жатса, шешім қабылдауға тура келед. Әзірге біз қаланы жабудың қажеттілігін көріп отырған жоқпыз", - деді әкім.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев вакцинацияның сәтсіздігі және коронавирустың үшінші толқынының басталуы туралы айтқан болатын.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған