Алматыдан шығар жолда жантүршігерлік жол апаты болды: Үш адам көз жұмған (видео)
Алматыда Құлжа тасжолының бойында екі көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты 10 маусым күні таңғы сағат 07:50 шамасында Құлжа тасжолында болды.
"Құлжа тасжолының батыс бағытында келе жатқан "BMW-525" маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Mersedes-Benz" автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көлік жүргізушісі мен "Mersedes-Benz" машинасында отырған 1978 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды", - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Желіде жантүршігерлік апаттың видеосы пайда болды.
Полиция өкілінің сөзінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен тіркелді. Сот-медициналық және тергеу сараптамалары тағайындалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды