Алматыдан 17 шақырым жерде магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды
Алматыдан 17 шақырым жерде магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде “СОМЭ” ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.

“2023 жылғы 10 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 16:56-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 3.6”, – делінген ақпаратта.
Қабылдау туралы ақпарат (МСК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл.
- "Әулетімізден 27 адам опат болды": Түркиядағы қазақ қызы зілзала күні балаларымен қалай құтқарылғанын айтып берді
- "Қабырғалар жарылып кетті": Шымкентте жер сілкінісінен көпқабатты үйлерге залал келген
Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, зақымданудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатқаны айтылады. "Казселезащита" ММ қызметкерлері өзен арналарын, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың бүлінуін тексереді.
Сондай-ақ, полиция бөлімінің жедел кезекшісі қаладағы ғимараттар мен құрылыстардың қирауы мен зақымдалуына тексеріс жүргізеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды