Алматыда жатақхана өртке оранды
Алматы қаласы Жетісу ауданының өрт сөндірушілері бөлмеден өздігінен шыға алмаған 48 жастағы ер адамды құтқарды. Өрт қоймадан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 желтоқсан күні жатақханадан өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар сағат 12.49-да жетті. Жатақхана жанып жатқан ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан.
Тұрғындардың көпшілігі үй-жайдан өз бетімен шыққан. Алайда, дәлізде температураның жоғары болуы мен қатты түтін шығуына байланысты 48 жастағы ер адам аяғынан жарақат алып, ғимаратта қалып қойған.
"Құтқару қақпағының көмегімен ер адамды өрт сөндірушілер құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Өрттің таралуы 13.27-де 80 шаршы метр аумақты алған кезде тоқтатылды", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған