Алматыдағы ұшақ апатынан екі адам тірі қалды
Алматы қаласы маңында орын алған әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"13 наурыз күні сағат 17:25-те Алматы қалалық әуежайы диспетчер қызметіне сағат 17:22-де Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағының радары жоғалғаны және ұшақтың апатты жағдайда Алматы қаласының әуежайына орнағаны туралы ақпарат келді", - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Оқыс оқиға орнында ТЖҚ-нің 9 маманы, 1 техника және 1 республикалық құтқару апатының кинологиялық есебі, сондай-ақ, Алматы қаласы құтқару қызметінің 1 техникасы бар.
"Одан бөлек, оқиға орнында Алматы облысының 4 СПАСОП және 2 СПиАС техникасы жұмылдырылды. Ұшақтың өрті ауыздықталды", - деді ол.
Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 10 реанимациялық жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде