Алматыдағы үйсіз қаңғыбастарды полиция қала сыртына шығарып тастаған

Фото: Pixabay.com
Алматыда полиция қаңғыбастарды қала сыртына шығарып тастаған. Айдалада қалған үйсіздер видеосы желіде тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш ер адам өздерін таныстырып, полиция қызметкерлері оларды Алматының әр ауданынан алып кетіп, Қонаев қаласына апарып тастағанын айтады. Айтуларынша, олармен бірге 12-ге жуық үйсізді қала сыртына алып кеткен.
Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Полиция қызметкерлерінің барлық іс-әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында болып жатыр", – делінген хабарламада.
Тұрғылықты жері жоқ адамдар бұрыннан үлкен қалаларда бар. Олар да халықтың белгілі бір кастасы.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады