Алматыдағы сауда орталығын тонады деген күдікті БҚО-да ұсталды
Батыс Қазақстан облысында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде сауда орталығына қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рейд барысында Ресейде тіркелген ВАЗ-2110 автокөлігі тоқтатылды. Полицейлердің жедел ақпаратына сәйкес, 5 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде жүргізуші "Москва" сауда үйін тонауға қатысқан. Ол 31 ұялы телефон, үш ноутбук және үш планшетті ашық түрде ұрлаған.
Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефон тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады