Алматыдағы көп қабатты ғимаратта карантинге қарамастан боди-массаж салоны құпия жұмыс істеген
Алматыда құпия түрде жұмыс істеп жатқан боди-массаж салонын тәртіп сақшылары анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Facebook-те Алмалы ауданының полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов хабарлады.

Оның айтуынша, салон 28 шілдеде шамамен 22:00-де анықталған. Ол Құрманғазы көшесіндегі 145 үйдегі екі пәтерде болған екен.
Полицей салон қызметкерлері маска режимін бұзғанын айтты.
"Полиция қызметкерлерінің келу кезінде дене массаж қызметін көрсететін жеті қыз ұсталды, бұл салон өз іс-әрекетін елдегі карантиндік режимге қарамастан жүзеге асырды, ал қыздар маска режимін бұзды.
Барлық адамдар Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді, онда ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу", сондай-ақ 492 Әкімшілік кодексі "Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұру" бойынша әкімшілік шаралар қолданылады", - деді тәртіп сақшысы.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”