Алматыдағы кинотеатрлар не үшін жабылады? Бекшин түсіндірді
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар не үшін жабылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, басты себеп - қаланың "қызыл" аймаққа кіруі.
"Бізде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бар. Ол қаулыда белгілі бір өңірлердің "қызыл" немесе "жасыл" аймаққа кіргеніне байланысты шектеу шаралары тағайындалған. Оның барлығы регламенттелген. Бұл жағдайда "қызыл" аймақтағы өңірлерде орналасқан кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына шектеу қойылады. Біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындауымыз тиіс. Оны жеңілдетуге қақымыз жоқ", - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салайық, бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялаған еді. Құжатта Алматыдағы кинотеатрлар жабылатыны айтылған.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"