Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы хостелде қаза болғандардың тізімі жарияланды

Бүгін Алматыдағы хостелдегі өрттен қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлы Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

хостел

Қаза болғандар тізімінде кәмелет жасына толмаған бала да бар. 

1. Абдусаламов Надир Юнусович 11.04.2001 жылы туған, Қазақстанға келген Ресей Федерациясы, Татарстан республикасының азаматы.;

2. Назаров Каюм Кабилович 18.07.1991 жылы туған, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тумасы;

3. Андреев Герман Дмитриевич 18.07.2001 жылы туған, Қазақстанға  05.04.2023 жылы жеке жұмыстарымен келген. Ресей Федерациясы Саха Республикасы, Жиганск ауылының азаматы; 

4. Айдархан Нұрдаулет Алмабекұлы 30.03.2008 жылы туған, Шымкент қаласының тумасы, Еуразиялық аграрлық колледжінің студенті (көш.Маметовой 67);

5. Абдувохидов Нусрат Абдулла Оглы 29.11.2000 жылы туған, Өзбекстан республикасы, Ташкент қаласының азаматы. Қазақстанға 21.11.2023 жылы жеке жұмыстарымен келген;

6. Эркинов Бурхон Алишерович 03.08.2001жылы туған, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тумасы;

7. Базаров Асилбек Омарович 14.02.1993 жылы туған, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тумасы;

8. Ерубайулы Мейрамбек 06.05.1984 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорғанның тумасы (күйік шалған);

9. Садыков Суннат Серикович 08.08.2001 жылы туған, Петропавл қаласының тумасы; 

10. Королев Никита Дмитриевич 24.12.2003 жылы туған, Ақтау қаласының тумасы;

11. Алдибек Бейбарс Мусаулы 22.10.2003 жылы туған, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сынтас ауылының тумасы; 

12. Калиев Сайлабай Индиматдинович, 09.01.2000 жылы туған, (Өзбекстан республикасы, Қарақалпақстан азаматы);

13. Иемберген Дулат Бақытжанұлы, 25.10.2004 жылы туған, Алматы облысының тумасы, ұлты қазақ. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт болып, 13 адамның жан тапсырғанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт болған кезде мұнда 72 адам болған. 59 адам эвакуацияланыпты. Өрттің себебі сараптамадан кейіне анықталады. Қазір полиция бұл оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғады. 

Талқылау