Алматыдағы "Аюсай" бөгетінің маңында жол опырылып түсті
Алматы облысының Қарасай ауданында "Аюсай" бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
"Аталған жерде су құбыры жарылғаны анықталды. Қазір "Қазселденқорғау" және су арнасының күштерімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Алматының Медеу ауданында тағы да лай көшкіні болды.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті