Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автобустардың соқтығысуы: Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтты

8 қарашада Алматы қаласында екі жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты орын алған еді. Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус авария

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат орнына 9 жедел жәрдем көлігі жіберілген. 21 адам медициналық көмекке жүгінді. 

“Қазіргі уақытта оқыс оқиға салдарынан 9 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты. 
6 зардап шегуші жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілді”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 7 адам түскен. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылса, бес адам амбулаториялық емге жіберілді. 

“2013 жылғы науқас  Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына қосарлас жарақатпен түсті. Жабық бас сүйек-ми зақымы. Мидың шайқалуы. Маңдай аймағы мен мұрынның көгерген жаралары.  Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 
Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды”, – деп қосты басқарма өкілдері. 

Айта кетейік, Алматы қаласында №201 мен №98 жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам жарақат алған еді. 

Талқылау