Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Алғабаста тағы алты үйдің қабырғасы қисая бастады

Алматыдағы Зерделі-6, яғни Алғабас шағын ауданында тағы да алты үй қисая бастады. Әкімдік шағын аудандағы барлық тоғыз қабатты тұрғын үйлердің тексеру жұмыстарын қисаюға жақын қалғанда ғана бастаған көрінеді. Осыған дейін де дәл осы шағын аудандағы көпқабатты үй қисайып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ал үйлері қай күні құлайды деп қорқынышпен күн кешіп жүрген тұрғындар, үйіндінің астында қаламыз ба деп үрейленеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Әрине, қорқам. Немерелерім бар. Далаға шығуға қорқамын қазір", "Тоғыз қабатты үйлер қисайып жатқан соң, біздің үй де ішіне кірді", - дейді жергілікті тұрғындар.

Алматыдағы Зерделі ауданында қатарынан 6 үйдің қабырғасы қисайып, тұрғындардың зәресін алған. Ал сәуір айында қалпына келтіреміз деген жөндеу жұмыстары енді ғана басталған.

Жыл сайын 2-3 үйдің қабырғасы қисаяды деген тұрғындар басшылыққа базынамызды айта-айта шаршағанындарын жеткізді. Былтыр ғана Алғабас шағын ауданындағы №156 көпқабатты үйдің қабырғасы 10-12 сантиметрге қисайса, биыл Зерделі шағын ауданындағы тағы 6 үй шалқая бастаған.

"Фундамент дұрыс салынбаған кейін бас жағынынң сыңғаны, қирағаны бәрібір. Кімге болса да, ешнәрсе өзгерте алмайды. Қаншама халық бар, олар шығады, бала-шағасымен жүреді. Бірақ шыға алмайды", - дейді аудан тұрғыны Гүлшат Райымбергенқызы.

Тұрғындардың айтуынша, екі жыл бұрын бәрі жиналып, жөндеу жүргізуге өтініш жазған. Бірақ сол жұмыстар енді ғана басталған. Батпаққа малынған баспалдақпен, шаң-тозаңмен әлі қанша өмір сүреміз дейді тұрғындар. Мұнымен қоса олар 20 құрылысшы "не бітіреді" деп налыды.

"Біз де халықпыз, біз де жұмысшылармыз. Ақша бермесе біз де істемейміз уақытында. Аударылғанын біз білмейміз, оны жоғарыдағы кісілер біледі. Біздің шаруамыз жоқ қой. Бізге жалақымызды берсе болды", - деді құрылысшы Болат Жұманқұлов.

Жалақысын төлеп, жұмысты жүргіземіз деген "ҚазақҚұрылыс" АҚ өкілдері жұмыстар жоспарға сәйкес жүріп жатқанын айтты. Барлық кезең сәтті аяқталса жылдың соңына дейін түзетуді жоспарланған.

Ал қабырғасы қисайған үйлердің астына темірден тіреуіш жасайды. Бұған дейін 3 үйге осы тәсілмен жөндеу жүргізілген екен.

Талқылау