Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды
Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде BMW жүргізушісі бағдаршамға тоқтаған кезде есікті ашып, жолға қалай түкіргені бейнеленген видео жарияланған болатын. Видеоның авторы бейнежазба кейіпкерінің бұл заң бұзушылықты бірнеше рет қайталағанына шағымданған.
"Желіге бұл жарияланым 6 ақпан күні салынды. Тексеру ТЖД патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушы анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды", – деп жазды ол.
Рустам Әбдірахманов құқық бұзушылық ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша қарастырылғанын атап өтті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған