Алматыда жеңіл автокөлік аялдамаға соғылып, жерасты өткеліне түсіп кетті
Алматы қаласының Сәтпаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болды, жүргізуші рульге ие бола алмай қалды, нәтижесінде көлік жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін сағат 12.51 - де Алматы қаласының Бостандық ауданында Mitsubishi Pajero жүргізушісі 1975 жылы туған Б. азаматша Сәтпаев көшесімен батыс бағытта келе жатып, басқаруды жоғалтып, бетон жиекке соғылды, содан кейін ол қозғалысын жалғастыра отырып, аялдама кешенін соқты, содан кейін аударылып, жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне құлап кетті", - деді полицияда.
Жүргізуші, 1980 жылы туған бір әйел және 2015, 2010, 2014 жылы туған үш бала жарақат алды.
Қазіргі таңда апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар