Алматыда жалаңаш ер адам әуежай аумағына кіріп кеткен (видео)
Алматыда 1997 жылы туған ер адам киімдерін шешіп, әуежай аумағына кіріп кеткен. Ер адам қолға түсті. Тексеріс нәтижесінде оның мас болғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тексеріс нәтижесінде бұл азаматтың 6 сәуір күні 00:10-да киімін шешіп, Алматы қаласындағы әуежай аумағына кіріп кеткені нақтыланды. Ол терминал маңындағы қоршаудан секіріп өтіріп, ұшу алаңына қарай жүгірген. Мұнда ер адамды Әуе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады", – делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер медицина сараптамасы нәтижесіне сәйкес ер адамның жеңіл деңгейде мас болғанын мәлімдеді.
Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440-бабы, 434-бабы және 564-бабының 4-бөлігіне сәйкес бірден үш әкімшілік хаттама толтырыған. Әкімшілік материалдар сотқа жіберілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"