Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зейнеткер балаларының ашкөздігінен далада қаңғып жүр

Алматыда зейнеткер өз балаларының ашкөздігінен көшедегі орындықта өмір сүруге мәжбүр. Қызы пәтерін алып, кейін сатып жіберген. Тағы екі баласына қария мүлде қажет болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

70 жастағы Александр Холодяев төрт жыл бұрын қызынан несиені жабуға көмектесуін сұрағанын,  оның орнына қызы пәтерді атына жазып беруді талап еткенін айтты. Ер адам келіскен, бірақ қызы пәтерді өзі қайтыс болғаннан кейін басқарады деген шартпен. Алайда, қыз бұл сәтті күтпестен үйін 10 миллион теңгеге сатып жіберген. Алған ақшасына ол Алматы қаласының маңынан үй сатып алған.

Қазір ер адам автотұрақтағы орында түнейді. Ол көп уақытын бұрынғы пәтерінің терезелерінің алдындағы орындықта өткізеді.

Зейнеткерді жанашыр көршілері тамақтандырады. Олар сотқа жүгіну үшін құжаттарды да жинап жатыр. 

"Оның зейнетақысы аз, барлығы 70 мың, оның ішінен несие төлейді, оның несиесі бұрыннан бар. Енді ол баспанасыз қалды. Бұл мәселені көтердік, мәміле дұрыс емес деп жаздық, адам пәтерсіз қалды, балалар оны мойындамайды, елемейді, ұлы тіпті қол көтерді", - дейді көршісі Фая Әубәкірова.

Полиция құжаттарға сәйкес, қызы пәтерді иелік етуге және оны сатуға толық құқылы екенін айтты. Тәртіп сақшылары үйсіз зейнеткерге азаматтық сотқа жүгінуге кеңес береді.

"Ер адамның қызына сыйлық ретінде жазғаны анықталды, оны нотариалды түрде бекіткен, осыған байланысты аталған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - деп түсіндірді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Енді Александр Холодяев сот арқылы әділеттілік іздеуге ниетті. Егер  өз пәтерін қайтара алмаса, онда кем дегенде тұрғын үйді сатқан ақшаның бір бөлігін алуға, сондай-ақ барлық балаларының алимент төлеуіне қол жеткізуге мүдделі.

Талқылау