Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-депутаттың ұлы: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні өлтірген күдікті туралы не белгілі

Алматыда 29 наурыз күні "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін 45 жастағы ер адам өлімші етіп сабап, өлтірген еді. Жәбірленушіні жедел жәрдем алып кеткенімен, ол ауруханада көз жұмды. Ал күдіктінің есімі Асқар Тастандиев екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Время

Тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, оқиға жұма күні сағат 2.30 шамасында болған. Олар сол күні түннің ортасында айқай-шудан оянған. Дереу терезеге қараған бойда, жантүршігерлік көрініске куә болған. Көршілері жерде жатқан күзетшіні жұдырықпен ұрып, теуіп, содан кейін оның басына секірген. 

Көршіледің айтуынша, кісі өлтіруші 14-ші қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Бірақ ол кезде тәртіп сақшылары жетіп, күдіктіні қолға түсірген.  

Күзетшіні басып кеткен ер адам көпқабатты үйдің 14-қабатындағы пәтерде ата-анасымен тұрады. Есімі Асқар Тастандиев екені белгілі. 

Бұл кешенде 15 жылдан бері тұрып жатқан Наталья Асанова бұл бұзақылыққа төтеп бере алмай, қол қусырып отырғандарын айтты. 

"Тұрғындар оның үстінен үнемі шағымданып, полиция шақырады. Бірақ бір сағаттың ішінде ата-анасы мәселені шешіп береді. Оны нашақор болған дейді, шабармандар үнемі келіп тұратын... Дегенмен, бұл рас па, жоқ па, тергеу анықтасын", - деді әйел. 

Қосымша анықталғандай, Тастандиев Асқар Саламғазыұлы ("Тастандиев" ЖК) goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-сайтында қызмет жеткізуші ретінде көрсетілген. "Байланыс ақпараты" бөлімінде сақшы қаза тапқан мекен-жай көрсетіледі: "Самал-3" шағын ауданы, 25 ғимарат.

Ал Wikipedia сайтында "ТАСТАНДИЕВ Саламғазы Мұхамедқалиұлы – XIII сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1948 жылы туған, Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі" деген ақпарат бар. Атына қарағанда, ол Асқар Тастандиевтің әкесі болса керек.

Талқылау