Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны 18 қабаттық үйдің төбесіне баспана салып алған

Алматыда көпқабатты үй тұрғыны ғимараттың төбесінде заңсыз құрылыс тұрғызып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Әкімдік дерегіне сүйенсек, пәтерлердің бірінің иесі тұрғын үйдің шатырына мезанин тұрғызып, қабылдау комиссиясының актісімен оны пайдалануға берген. Заңсыз құрылыс Құрманғазы көшесіндегі 145-ші үйдің төбесінде орналасқан. 

“5.07.2021 ж. басқарма Алмалы ауданының сотына қабылдау комиссиясының актісін жарамсыз деп тану, құрылысты өз еркімен тану және меншік иесінің мезонинді өз есебінен бұзу міндеттемесі туралы талап арыз жолданды. Іс бойынша сот талқылауы ұзаққа созылды. 07.12.2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, басқарманың талаптары қанағаттандырылды”, - делінген ақпаратта. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы Әділет департаментіне жіберілген. Енді меншік иесі өз бетінше ғимаратты бұзуға кірісті.

Талқылау