Алматыда туған қызын зорлаған ер азамат 20 жылға сотталды
Алматыда бес жасар қызына қатысты сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін орындаған 50 жастағы педофил сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қылмыс 2020 жылы қарашада орын алған. Екі күн бойы ішімдік ішкен ер азамат азаматтық некедегі әйелі мен бес баласы тұратын үйге келген. Ол бес жасар қызын ұйықтатуға алып барып, артынша жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Педофил әкенің бұл ісін әйелі көріп, полицияға хабар берген.
Ерлі-зайыптылар 2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрып келген. Олардың ортақ 2014, 2015, 2020 және 2018 жылғы балалары болған.
Ер азаматтың кінәсі толығымен дәлелденген. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды