Алматыда төрт банкомат тоналды
Алматыда банк терминалдарын әлдебіреулер бұзып, ішінен қаражаттарды ұрлап отырған. Бұл қылмысқа төрт адам күдікті деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаменті бұзақылар түнде мылтық атқанын хабарлады. Бұзу арқылы әртүрлі банктердің терминалдарын ашып, кассетасын шығарып, ақшаны алып, содан кейін ұяшықты құрылғыға қайта салып отырған.
"Күдіктілер ұсталды. Олар төрт адам. Соңғы қылмысы кезінде терминалдан 160 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Жауап алу барысында күдіктілер төрт ұрлық жасағанын мойындады. Қылмыстық іс ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Медеу аудандық ПІБ бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті