Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы үш жыл бойы өзгермейді – Қала әкімдігі
Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы реттелетін болды. Әкімдік үш жыл бойы бағаны тұрақтандыратынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қала әкімдігінің мәліметінше ол үшін "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Сары-Бұлақ" компаниясы" ЖШС құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты.
"Шарт шеңберінде бірінші санаттағы тауық жұмыртқаларының бағасы ай сайын 2,4 миллион дана мөлшерінде тұрақтандырылады. Тұрақтандыру кезеңі 36 ай", – деп түсіндірді әкімдік.
Оларды белгіленген бағамен сату сауда желілерінде де, үй маңындағы дүкендерде де болады. Бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы – бір дана үшін 51 теңге.
Ал дүкендерде сауда үстемесін ескере отырып, баға бір дана үшін 58 теңгеден аспауға тиіс.
"Қызым 6 айдан бері оқуға бара алмады": Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің анасы істің жабылғанына наразы
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"