Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы екі тұрғын үй кешенінің құжаты қате болып шықты: әкімдік пәтер жарнамасына алданып қалмаңыздар дейді

Алматы әкімдігі халыққа тағы 2 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмау керектігін айтуда. Өйткені құрылыс компанияларының құжаттары талапқа мүлде сай емес деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: ашық ғаламтордан

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Дерекке сүйенсек, екі тұрғын үй де интернет арқылы пәтер сатуды бастап кеткен. Бірақ оларда құрылысқа қажетті құжаттар жоқ. 

"Auezov Apartaments" және "Tole bi Residence" тұрғын үй кешендері бойынша сату жарнамалары анықталды. Біріншісі бойынша көрсетілген мекенжайда қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету нысандары бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берілген. Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған. Бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді. Ал "Tole bi Residence" кешені 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі деген хабарландыру таратылуда. Бұл бойынша да бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген”, – делінген әкімдік ақпаратында. 

Осыған орай, жергілікті билік халыққа пәтер сатып алмас бұрын тұрғын үй кешені құжаттарының толық пакетін сұратуды және текеруді ұсынып отыр.

Талқылау