Алматыда студенттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды. Полиция 11 адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Бейнежазбада бұл жағдайдың университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпан күні 23:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.
"Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"