Алматыны күзеткен шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырды
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың арасында ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясының курсанттары да бар. Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Шекара қызметі академиясы курсанттарынан коронавирус індеті анықталды. Алғашында 14 адамнан шыққан. Қазір 54 курсанттың осы індетті жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдауда",– деді Тілеухан Әбілдаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды