Алматыда өткен концертте Киркоровтың раушан гүлдерімен кімді ұрғаны белгілі болды
Филипп Киркоровтың директоры Екатерина Успенская 7 қарашада Алматыда өткен концертте әншінің раушан гүлдерімен кімді ұрғанының анығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

TikTok желісінде Филипп Киркоровтың Алматыдағы концертінен видео пайда болды. Онда әнші алдыңғы қатарда тұрған ер адамды бетінен раушан гүлімен ұрып, кейін сахнаға қайта оралған.
Талқыға түскен бұл бейнероликтерге байланысты әншінің директоры пікір білдірді. Ол көрерменді емес, өз командасының мүшесін ұрғанын айтты.
"Гүлмен ұрған біздің командадағы адам. Ол жанкүйерлерді сахнаға жібермеген", - деді Екатерина Успенская.
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған