Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды
Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Ескерткіш 2023 жылы көрнекті түрік халқының көшбасшысы Мұстафа Кемалдың құрметіне Алматы қаласының әкімдігімен орнатылған.


Салтанатты жиынды ашқан министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш орнату туралы тапсырманы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде бергенін атап өтті.


Биіктігі 3 метрден тұратын қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған. Ескерткіштің авторлары қазақстандық мүсіншілер - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді