Алматыда құрылыс материалдары базарының қоймасы өртеніп кетті
Алматының Сауран базарындағы қойма өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматылық өрт сөндірушілер ірі құрылыс базарының қоймасындағы өртті екі сағатта сөндіре алды. Өрт 350 шаршы метр аумақты қамтыған.
Құтқарушылардың жұмысын үй-жай материалдарының толып тұрғаны қиындатты. Оқиға орнында 77 адам мен 19 бірлік жұмыс істеді. Жалынды ауыздықтау үшін оларға шамамен 1,5 сағат қажет болды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қоймадағы материалдық заттардың тұтанғыш болуы, жоғары жылулық радиация, сондай-ақ жақын жерде жоғары вольтты электр желісінің болуы жұмысты қиындатты дейді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шығып, Төле би көшесі жартылай жабылғаны туралы хабарлаған едік.
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады
Мұғалімнің қысымынан көз жұмды деген Ясминаның соңғы хабарламалары жарияланды
Айтуынша, Ясмина жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын, сөйлеспейтінін айтып, мұғалімнен үнемі кешірім сұрап келген