Бекшин Алматыда биыл Құрбан айт қалай өтетінін айтты
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Құрбан айт мерекесі қалай тойланатынын айтап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Брифингте Бекшин биылғы жылы Құрбан айт мерекесі бұрынғыдай форматта, яғни онлайн-режимде өтетінін айтты.
"Өткен жылы біз алғаш рет Құрбан айтты онлайн режимде өткіздік. Өткен жылдың тәжірибесі садақаның да, құрбан шалудың да болғанын көрсетті. Онлайн режимінде өткізуге болады. Qurban-2021 сайты арқылы садақа, сондай-ақ "құрбан шалуды" ұйымдастыруға қаражат түседі. Құрбандыққа шалынған мал Алматы облысының Қарасай ауданындағы арнайы сою алаңында сойылады", – деді Бекшин.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, биылғы жылы барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі үшін дін істері басқармасымен және мүфтимен қосымша кездесу өткізіледі.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған