Алматыда коронавирустың ықтимал құрбандарын жерлеу орны таңдалды
Алматыда коронавирустың ықтимал құрбандары үшін арнайы полигон анықталды. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Полигон анықталды, ол қаладан тыс жерде орналасқан, жақын елді мекендер жоқ, сәйкесінше, барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланған.
Жерлеу алгоритмі әзірленді, бірақ әлі бекітілмеген. Дезинфекциялаушы заттармен жоғарыдан кемінде жарты метр құю көзделеді. Тасымалдауды жүзеге асыратын барлық көлік құралдарын өңдеу де кіреді. Тасымалданатын адамдардың санында шектеулер бар", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың құрбандарын жерлеудің қатаң ережелері енгізілетіні хабарланған болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды