Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілінді
Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысының орынбасары жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге алып, алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек басшының орынбасары құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденген деп күдіктелуде.
“Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – делінген хабарламада.
Бүгінде тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеген.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"