Алматыда ер адам көкөніс дүкенінде атыс шығарды (видео)
Желіде Алматыдағы көкөніс дүкеніне оқ жаудырған ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған
Видеодан сұр күртеше киген ер адамның дүкенге кіріп, оқ ата бастағанын көруге болады. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.
Алматы полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді.
"Алматы полиция департаменті “бұзақылық” дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні тергеу басқармасының шешімімен “кісі өлтіруге оқталу” санатына ауыстырылғанын хабарлайды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент заттай айғақтардың алынғанын атап өтті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жол ақысын төлемеу үшін такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шыққаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"