Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам бөтен көліктен КСРО туын жұлып алып, шу шығарды (видео)

Алматыда полиция 9 мамырда КСРО туы ілінген көлікпен қала көшелерін аралаған адамдармен жанжалдасып қалған белсенді Жанболат Шайзаданы ұстады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған кадрлардан белсендінің көліктен туды жұлып тастағанын байқауға болады. Видеодан оның "Бұл Қазақстан. Тек Қазақстанның туы тұру керек" деген сөзін естуге болады.

Осы іске байланысты оның үстінен "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Алайда белсенді тағылған айыппен келіспейді.

Ол балағаттағанын, алайда өз тарапынан ешқандай бұзақылық әрекеті жасалмағанын айтты.

"9 мамыр күні кешке Алатау аудандық ішкі істер бөлімінен телефон соғып, "Алматы Арена" маңындағы полиция бөлімшесіне түсініктеме жазуым керегін айтты. Сағат онда түсіндірме хат жаздым. Олар мені ол жерден шығармады, түні бойы сонда ұстады. Таңертең онлайн сотты күттік", – деді Жанболат Шайзада

9 мамырда әлеуметтік желілерде ер адамның көліктен КСРО туын алып жатқан видеосы пайда болды. Ол көлікте болған адамдармен ауызша жанжалдасып қалған. 

Талқылау