Алматыда ер адам балаларды лифтте соққыға жықты
Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, шімірікпестен 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеп жатыр”, – делінген желідегі жазбада.
Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.
“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деді полиция департаменті Tenginews.kz-ке берген жауабында.
Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"