Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер алған тұрғындар үйлеріне кіре алмай жүр

Алматыда элиталық санаттағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір жылдан бері пәтерлеріне кіре алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Уәде етілген уақыттан бір жыл өтсе де пәтерлеріне кіре алмай жүрген тұрғындар наразылық білдірді. 

Наира Муштакова осындан үш жыл бұрын өз үйін сатып, өзіне және әпкесіне екі жаңа пәтер алуға ақша салған. Наирамен қатар осы элиталық тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алған басқа адамдар да әлі күнге пәтерлеріне кіре алмай жүр. Тұрғын үй кешені пайдалануға берілмеген.

“Мен пәтерді сатып алғанда, балалы боламын деп ойламадым. Қазір менің екі балам бар. Балаларым алты айға таяп қалды, біз әлі үйімізге кіре алмай жүрміз. Мұнда ешқандай жағдай жоқ. Жалдамалы пәтерде тұрамыз, соған ақша жұмсауымыз керек. Менің егіз  балаларым бар, қалыпты өмір сүру үшін бізге үлкен пәтер керек. Ұзақ уақыттан бері күтіп жүрміз”, – деді Наира Муштакова. 

Құрылыс компаниясының өкілдері бұл жұмысты мердігер компания жүргізгенін айтады. Мегрдігер компания барлық кемшіліктерді түзетіп, нысанды тиісті сапада тапсыруға міндетті. Осыдан кейін ғана тұрғын үй кешені толық пайдалануға беріледі.  

“Компания атынан, біріншіден, бұл жағдайдың тұрғындармен бірдей бізді де алаңдататынын айтқымыз келеді. Олардың пікірін толықтай қолдаймыз және қандай жағдайда да жауапкершіліктен қашпаймыз. Nef & Ram келісімшарт бойынша тапсырыс беруші болып табылады. Бұл нысан құрылысының мердігері RAMS Qazaqstan ЖШС. Сондықтан тұрғындардың барлық шағымдарын құрылыс мәселелерімен айналысатын мердігерге тікелей тапсыру біздің міндетіміз”, – деді Nef & Ram компаниясының өкілі Нұрлыбек Сұлтан Нүсіпжанов.

Бірақ мердігер компания өздерінің барлық міндеттемелерін әлдеқашан толық орындағанын алға тартады.

Екі компания өкілдері кім кінәлі екенін анықтап жатқанда, тұрғындар баспана жалдап, пәтерлерінің кілті мен құжаттарын күтуге мәжбүр. Тұрғын үй кешенінің қашан пайдалануға берілетіні әзірге белгісіз.

Талқылау