Алматыда цирктер қайта ашылады
Ұзақ үзілістен кейін Алматыдағы цирктер қайта ашылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шығарған жаңа қаулыда жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мегаполистегі басқа әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы тікелей Ashyq жобасына қатысуына байланысты болады. Қосымшаны пайдаланатын Алматыдағы дәмханалар мен жазғы террасалар түнгі сағат екіге дейін толымдығы 50%-ға дейін жұмыс істей алады.
Ал қосымшаны қолданбайтындар қонақтарды тек түн ортасына дейін қабылдай алады.
Алматыда бильярд, компьютер және боулинг клубтарына түнгі сағат екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Сондай-ақ спорттық іс-шараларға көрермендердің қатысуына болады. Бірақ олар 30 пайыздан аспауы керек.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды