Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгілі оппозиция жетекшісі Жасарал Қуанышәлин 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Алматыда оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасарал К

Жақында оның ауыр науқастанып, ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болған. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов Азаттық сайтына растаған.

Қуанышәлин 1949 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 7 сәуірде саясаткер 74 жасқа толды.



Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Талқылау