Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Армениядан әкелінген көлікке алғашқы нөмір берілді

Алматыдағы арнайы қызмет көрсету орталығында Армениядан келген автомобильге алғашқы арнайы нөмір берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан тарихында бірінші болып Армениядан әкелінген көлігін ресми тіркеген автокөлікші 47 жастағы алматылық Хосров Гасанов болды.

"Мен Hyundai Grand Starex автокөлігін Армения Республикасынан 2019 жылдың қарашасында алып келдім. Содан бері оны біздің елде қалай заңдастыру керектігі жайлы ойламаған күнім болған жоқ: мен қобалжып, уайымдап жүрдім. Мемлекетке рақмет, бізге түсіністікпен қарады. Бүгін келіп, 15 минутта көлігімді тіркедім, мемлекеттік баж салығын - 11946 теңге төледім. Енді мен заңды түрде оңай жүре аламын", - деді Хосров Гасанов.

Қазақстандықтарға Армениядан әкелінген автомобильдерді 2020 жылдың 1 ақпанына дейін тіркеуге рұқсат етілген.

"Үкімет біздің азаматтарымыз Армениядан әкелген автомобильдерді 1 ақпанға дейін тіркеуге шешім қабылдады. Тіркеуді осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жүргізуге болады. Тек сол жақты рөлдегі көліктері бар автомобильдер ғана тіркеуге жатады.

Үш төлеммен шектелуге шешім қабылданды: тіркеу жарнасы - 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін баж - 3473 теңге және нөмір үшін 7778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11946 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін тіркеуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейді", - деді полиция полковнигі Жандос Мұраталиев, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы.

 

Талқылау