Алматыда абақтыға жабылған жеті азамат коронавирусқа тексерістен өтуде
Алматыда ЖРВИ белгілері байқалған абақтыда отырған жеті азаматты коронавирусқа тексеруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ішкі істер министрлігіне қарасты қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жексенбі, 7 маусым күні Алматының тергеу изоляторында отырған жеті күдікті денсаулықтарына байланысты шағындарын жеткізген.
"Шұғыл түрде жедел жәрдем шақыртылды. Олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан өтті", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда ауру белгілері байқалғандардың жағдайы қанағаттанарлық екен.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған