Алматыда 7-сынып оқушылары пышақтасты: Жарақат алғандар бар
Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, бір оқушы пышақ жарақатын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Алатау ауданына қарасты Ақкент шағынауданында болған. Құрдасына пышақ сұғып алған оқушы қамауға алынды.
"Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды