Алматыда 6 жасар баланың көлік айдағаны видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желілерде алты жасар жүргізушісі бар Gelendwagen маркалы көлігі түсірілген видео жаппай тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл видеоны жас жүргізушінің әкесі жүктеген көрінеді.
"Бала көлікті оқу полигонында басқарса да, оның бұл әрекетінің арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екендігін ескерту қажет. Баланың әкесі мұны түсінуі шарт. Ер азамат өзінің қатесін мойындап, алдағы уақытта ұлын көлікті айдауға жол бермейтіндігін айтты. Азаматтың атына әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды