Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкнота сатқандар ұсталды
Алматыда жалған банкнота сатқан бір топ азаматтың қылмысы әшкереленді. Бір адам ұсталды, тағы біреуі іздестірілуде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: видеодан кадр
Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйенсек, олар 10 000 теңгелік жалған банкноталарды сатумен айналысқан. Тінту кезінде қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.
“Бір күдіктіге қатысты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда”, – делінген ақпаратта.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды