Алматы жолдарында 1000-нан астам жаңа "Сергек" камералары пайда болады
2024 жылы олар Алматы жолдарына қосымша 1000-нан астам “Сергек” камераларын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы оңтүстік астананың цифрландыру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәліметке қарағанда, "Алматы қаласындағы жол қозғалысын талдау және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің зияткерлік жүйесі" жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалған.
- Сергек камераларындағы деректер Қытайға жіберіледі: Компания түсіндірді
- Алматыда “Сергек” камераларынан бюджетке 27 млрд қаржы түскен
“Қолданыстағы келісім аясында Алматыда 1341 “Сергек” аппараттық-бағдарламалық жүйесі (7894 бейнекамера) орнатылды. 2024 жылы қосымша 300 кешен (1200 бейнекамера) орнату жоспарлануда”, – делінген басқарманың жауабында.
Осылайша мегаполистегі Сергек камераларының жалпы саны 9 мыңнан асады.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"