"Алматы су" Алматы әуежайына 122 миллион теңге заңсыз айыппұл салмақ болды
Мемлекеттік "Алматы Су" кәсіпорны Алматы халықаралық әуежайына негізсіз айыппұл салып, қосымша төлемдер жіберген. Прокуратураның мәліметінше, оның жалпы сомасы – 122 миллион теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2Gis
Жаңа халықаралық терминалдың құрылысы мен әуежайдың жаңартылуы кезінде “Алматы су” "TAV Казахстан" ЖШС-ін заңды күші жоқ келісімшарттың талаптарын орындауға мәжбүрлемек болған. Кәсіпорын айыппұл төлеуді талап еткен. Алайда бұл іске Түрксіб ауданының прокуратурасы араласты.
“Инвесторға салынған айыппұл мен қосымша төлемдер жойылды”, – делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстанда әкім орынбасары жол сапасына көз жұма қарап, 10 миллион теңге пара алған
"TAV Казахстан" ЖШС – 2020 жылғы 10 ақпанда тіркелген қазақстандық компания. Ол әуежайлар мен туристік қызметтер саласындағы жетекші әлемдік жеткізушілер TAV Airports Holding және ADP Group компанияларының еншілес кәсіпорны.
Бұған дейін "Алматы су" департаментінің директоры сотталған еді.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек