Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-Самарқан бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылады

8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқан қаласы арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер іске қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Рейстер А-320/321 типті әуе кемелерінде "Эйр Астана" (3,7 күндері) және Uzbekistan Airways (2,6 күндері) әуе компанияларының ұшағымен аптасына 4 мәрте жасалады.

"Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", – деп мәлім етті Азаматтық авиуация комитеті.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сонымен қатар, биылғы наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау - Үргеніш жаңа халықаралық рейсі іске қосылған болатын. Рейстерді SCAT және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды. Жалпы, қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау - Үргеніш бағыттары бойынша 24 тұрақты рейс бар.


 

Талқылау