Алматы Орталық стадионы жөндеу жұмыстарынан өтеді
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, келесі жылы Алматыдағы Орталық стадионды қайта құру жұмыстары басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Стадионды қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде орталық алаңдағы орын саны да ұлғаятыны айтылды. Бұған дейін 23 мың адамға арналған аренада орын саны 32 мыңға дейін көбейтілмек. Сонымен қатар Алматыдағы стадион барлық халықаралық стандарттарға сай жабық алаңға айналмақ. Орталық аренаны жөндеу 2025-2026 жылдары өтеді деп жоспарланып отыр.
Қазір жобаның даму тұжырымдамасы бекітілгенімен, құрылысқа жұмсалатын қаражат көлемі туралы нақты ақпарат жарияланбаған. Алматы әкімінің айтуынша, реконструкция жұмыстары аяқталғаннан кейін, стадион еуропалық және әлемдік деңгейдегі жоғары дәрежелі жарыстарды қабылдауға мүмкіндік алады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

