Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының жаңа санитар дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты аймақ тұрғындары дөрекілік білдіргені үшін тәртіптік іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Агенттікте Ерғали Сыдымановтың мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғау, кейіннен Әдеп жөніндегі кеңесте істі қарау тапсырылды. Тәртіптік істі қарау нәтижелері жұртшылыққа жеткізіледі", - деді агенттіктің ресми өкілі Ерхан Таткен.

Еске салайық, Ерғали Сыдыманов қызметке кіріскеннен кейін Талдықорған тұрғындарымен кездесті. Бірақ алғашқы кездесу қала тұрғындарының көңілінен шықпаған. Шенеуніктің сөзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.

"Мен саған қызмет етпеймін. Балаларды тамақтандыру керек екенін түсінемін, сонда-мұнда, несиелер бар, андай-мындай. Мен бірінші жыл тұрмыстамын ба? Болды, кетіңіздер, басымды қатырмаңыздар! Сен неге түсіресің, осылай бәрі басталады", - дейді Ерғали Сыдыманов видеода.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой облыстың жаңа бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бұйырды.

Талқылау