Алматы облысындағы 5 ауылда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан су шайып кеткен Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты 5 ауылда төтенше жағдай жарияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Дегерес ауылдық округіне қарасты Дегерес, Сұнқар, Қараарша, Бесмойнақ және Шиен ауылдық округіне қарасты Шиен ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлының шешім-жобасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы селдің салдарынан 140 үйді су басқаны туралы жазған болатынбыз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар